«Ата-аналар университеті» жобасы жалғасуда  

Биылғы оқу жылында Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «Ата-аналар университеті» жобасын жалғастыруда.

 

Өткен оқу жылында бастау алған жобаның мақсаты – ата-аналарға мектеппен және басқа салаладағы мамандармен байланысу арқылы балаларының жеке тұлғасын дамытуына мүмкіндік беру.       

 

-Бүгінгі қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашыл, іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлғаны тәрбиелеу. Осыған орай, тұлғаны қалыптастыруда мектеп пен отбасының өзара үйлесімі маңызды. Жасөспірімдерді тәрбиелеп отырған ата-аналар қазіргі таңда әр түрлі мәселелер бойынша қосымша ағартушылық жұмыс пен тәжірибиелік көмекті қажет етеді, – деп атап өтті мектеп директорының орынбасары Сәулет Мұқанова.

 

 

Бұл жоба бойынша ұсынылған алғашқы видео дәрістің тақырыбы – «Сүйіспеншілікті қалыптастыру  балалармен қарым-қатынасты орнату негізі». Бұл тақырыпта педагог-психолог мамандар ата-ана мен жасөспірім арасындағы қарым-қатынаста сүйіспеншіліктің маңыздылығы туралы айтып, оны дамытуда ұсыныстар берді.