Алғыс айту мерекесі

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде алғыс айту күніне арналған дәстүрлі шара өтті.
Наурыздың 1-інде барша Қазақстан халқы алғыс айту күнін атап өтеді. 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні – 1-наурызды «Алғыс айту күні» деп жариялады. Бұл мерекеге орай Назарбаев Зияткерлік мектебінде жақсы дәстүр қалыптасқан. Жыл сайын 12 сыныптың оқушылары – болашақ түлектер мектептің медициналық және техникалық қызметкерлеріне, аспаздарға өз алғыстарын білдіріп, қошеметтерін көрсетеді. Оқушылар биыл да бұл дәстүрден жаңылмай “Алғыс айту – парызым” шарасына бір адамдай ат салысты. Болашақ түлектер мектеп холлында кездесіп, күнделікті оқушылардың денсаулығына, мектептің іші-сыртындағы тазалығына, үздіксіз қызмет етуіне жауапты жандарға өз алғыстарын білдірді. Оқушылар шексіз алғыстарын жеткізіп, нәзік жанды қызметкерлерге ақ раушан гүлдерін түрінде, ал ер азаматтар тәтті сыйлықтарын таратты.
Сонымен қатар, алғыс айту мерекесіне орай, әр шаңырақ таңғы кездесу аясында танымдық шаралар ұйымдастырды.