Балаларды қорғау күнін NIS-тің 12 мектебі бірге атап өтті

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде балаларды қорғау мерекесіне орай “Что? Где? Когда?” зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Оған облыс орталығына жиналған 12 NIS оқушылары ат салысты.
Маусымның 1-і – балаларды қорғау мерекесіне орай Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде интеллектуалдық-танымдық ойын ойымдастырылды. Шараға білім ошағының оқушылары ғана емес, футзалдан спартакиадаға келген 12 NIS мектебінің өкілдері да ат салысты.
Оқушыларға негізінен логикалық сұрақтар қойылды. Деңгейі бойынша 7-8 сынып оқушыларына арнап әзірледік. Ақтау, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Атырау, Түркістан қалаларынан арнайы бейнесұрақтар да жолданды. Балалар зияткерлік шараға асқан қызығушылықпен ат салысты, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Ойынның қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының құрамасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Петропавлдық оқушылар жайғасса, үздіктер үштігін Өскемен қаласының ойыншылары қорытындылады. Барлық балаларға мерекеге орай шоколад таратылды. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Үкі статуэткасы мен түрлі дәрежелі дипломдар мен тәтті сыйлықтар тарту етілді.