NEW YORK UNIVERSITY IN ABU-DHABI ОҚУ ГРАНТЫНА ИЕ БОЛДЫ

Мектебіміздің 12 сынып оқушылары Әсел Мұқанова мен Нұргүл Жұмашева New York University in Abu-Dhabi оқу грантының иегері атанды. Студенттер көптен күткен шақыртуларын алмас бұрын қатаң сыннан өтті.

Іріктеу кезеңі 2020 жылдың қарашасы мен 2021 жылдың қаңтар айы аралығында ұйымдастырылған еді. Әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орнындарының біріне қабылданғысы келген 100 мыңнан астам талапкерден өтінім түскен.
Білім гранты 4 жылдық оқу шығындарын, медициналық сақтандыру, жол ақысы мен ай сайынғы стипендияны қамтиды.
New York University, NYU – Нью-Йоркте орналасқан АҚШ-тың жекеменшік зерттеуші университеті. Білім ордасы әлемнің атақты әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі. 2020 жылы АҚШ-тың үздік университеттері тізімінен 11 орынға ие болса, Quacquarelli Symonds (QS) әлемдік рейтингінде 35-ші сатыдан көрінді. Ол АҚШ-тағы ең ірі жекеменшік зерттеу университеті. ЖОО-да 51 мыңнан астам студент оқиды. Нью-Йорк университеті 16 мектеп, институт және колледждерден құралған.
Грант иелерін құттықтаймыз!