Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін 59 түлек тамамдады

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен 59 түлек қанат қақты.

Мектепте оқушыларға аттестат табыстау салтанаты өтті. Биыл 4 түлек “Алтын белгі” иегері атанса, 10 оқушы мектепті ерекше үлгідегі аттестатпен аяқтады. Түлектердің 20% шетелдік университеттердің грант иегерлері атанды.
Сәт-сапар, жас түлек!