Ғылыми жобаларды қорғау

Петропавл қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев pияткерлік мектебінде ғылыми жобаларды қорғау шарасы өтті.

Биылғы оқу жылында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары үш бағыт бойынша 44 жоба дайындады. Барлығы додаға мектептің 8-12 сыныптарынан 67 тәлімгер ғылыми жұмыстарын ұсынды. Екінші бағыт – «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» бойынша студенттер 6 жоба ұсынды.

«Бұл бағытта біздің студенттер қолданбалы математика, информатика және экономика бойынша ғылыми жобалар жасап, дайындады. Үшінші бағыт – «Таза табиғи орта -«Қазақстан 2050»стратегиясын жүзеге асырудың негізі” бойынша , химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы пәндерінен 18 жоба ұсынылды», – деді Петропавл химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының орынбасары Райхан Баймұқанова.

Балалар ғылыми жобалардың көпшілігін төртінші бағыт – «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашағы бар туристік бағыттар» аясында тарих, құқықтану, өлкетану, адам және қоғам, әдебиет, этномәдениеттану және тілдік пәндер бойынша дайындаған.

Әр бағыт бойынша жеңімпаз деп танылған студенттер қараша айында өз жұмыстарын еліміздің Назарбаев зияткерлік мектептерінің барлық оқушылары арасында өтетін республикалық ғылыми жобалар сайысында қорғайды.