Жазғы мектеп

Биыл «жазғы мектепе» 100-ден астам оқушы білім алды. Шәкірттер екі апта бойы ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдысын үйренді.

 

Ойын түрінде жүргізілген сабақтар шәкірттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Оқушылардың мектептегі әр таңы сағат 8:30-да жаттығудан басталды. Екі шетелдік, екі жергілікті

мұғалім жүргізген ағылшын тілі сабақтарына қосымша ретінде балалар зерттеу дағдыларын дамытып, би билеу, ән айту, саз балшықтан бұйымдар әзірлеу, сурет салу үйірмелеріне қатысып, жан-жақты білім алуға мүмкіндікке ие болды. 


«Жазғы мектеп» жұмысының қорытындысына сәйкес, алдыңғы қаратдан көрінген оқушылар арнайы грамоталармен марапатталды.

Екі апта бойы бауыр басып қалған жеткіншектер бір-бірімен, Назарбаев Зияткерлік мектебімен қимастықпен қоштасты. Оқушылар келесі жылы «жазғы мектептегі» кездесуді асыға күтетінін жеткізді.