Үздіктер марапатталды

Күзгі демалыс уақытында өткен сайыстардан жүлдемен оралған оқушылар марапатталды. Атап айтар болсақ, Алматы қаласында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында өткен ғылыми жобалар сайысына қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды. Аталған байқауда оқушыларымыз 2-ші және 3-ші орындарды иеленіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Күзгі демалыс «жемісті» болды. «Алтын күз» атты халықаралық балалар, жасөспірімдер және жастар шығармашылығы байқау-фестивалінде мектебіміздің намысын қорғаған домбырашылар ансамблі Гран-При, жеке орындаушылар домбыра, вокал номинацияларында 1-ші орндарды иеленді.

Спорттық сайыстарға қатысқан оқушылар да құр алақан емес. Тараз қаласында волейболдан аймақтық желілік спартакиадада өткен болатын. Ұлдар және қыздардан құралған қос команда да ерлеп, әрқайсысы 2-ші орынды жеңіп алды. Щучинск қаласында өткен «Birinshi jastar oindary» атты республикалық жастар ойынынан оқушымыз 2 орынды иеленіп қайтты.

Сәбит Мұқанов атындағы кітапханада АНК мен «YG sup» пікірсайыс клубы ұйымдастырған қалалық пікірсайыс турнирінде мектебіміздің оқушылары 2 орынды иеленді.
Мектеп әкімшілігі оқушыларды құттықтап, биік шыңдардан көрінуге тілектестік білдірді.