«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ» ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Туған елге тағзым» 2020 өлкетану ғылыми-зерттеу экспедициясы байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Желілік деңгейде «Ұлы дала өркениеті» бағыты бойынша ІІІ дәрежелі жүлде иегерлері Азат Андамасов, Абинур Асқар және Данияр Рамазан мараптталады. Жеңімпаздарға 500 мың тг сертификаты табысталды. Аталған оқушылар жаз айларында Қазақстанның кез келген өңірін аралалап, танысып шығатын болады. Жетекшілері Г. Е Саткенова және Д.С. Уалиев.
2012 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде өзіндік патриоттық жоба – «Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедиция өз жұмысын бастады. Аталған жоба «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының бастамасымен туған өлкені танып білуге, оқушылардың бойында туған елдің ерекшелігі мен оның қыр-сырын білуге, оқушы бойында патриоттық сезімді арттыруға бағытталған.
Зияткерлік мектептердің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстан аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі бұл білім беру сапарының ерекшелігі болып табылады. Жоба аясында экспедициялық топтар еліміздің барлық аймақтарында болып, сол жердің флора, фауна, тарихын, мәдениетін, инновациялық объектілерін, архитектуралық құрылыстарын, зерттейді.
Экспедицияға әр аймақтың 7-10 сыныптарынан оқу барысында, шығармашылықта, спорттық шаралардағы жетістіктері үшін таңдалған оқушылар қатысады.
Экспедиция жұмысы толыққанды нәтижеге бағытталған. Ол аяқталғаннан кейін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары бойында зерттеп отырған аймақ туралы (оның өткені, бүгіні мен болашағы туралы) толық хабардар болу, зерттеу жүргізу, сұхбат алу, жинақталған материалды тәжірибеде қолдану үшін, сараптау, топтағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, физикалық және психологиялық төзімділік, өзіндік шешім қабылдау және әрекет ету секілді дағдылар қалыптасады.
Экспедиция аяқталғаннан кейін, алдағы оқу жылында өткізілетін экспедицияда зерттеу жүргізу үшін, жинақталған материалдар мектеп кітапханасына беріледі.
«Туған елге тағзым» іс-әрекетті зерттеу бағытындағы өлкетану экспедициясын өткізу дәстүрге айналады. Алдағы жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік оқушы – жас зерттеушілері туған еліміздің табиғаты көркем, шұрайлы да қайталанбас жерлеріне саяхатқа барады.
Биыл әлемді жайлаған пандемияға байланысты «Туған елге тағзым» жобасы өзге бағытта жүзеге асырылды. Бұл жолғы байқау қашықтықтан өткізілуімен ерекшеленді. Қатысушылар өз өтінімдері бойынша келесі бағыттарда жобалар мен шығармашылық жұмыстарды ұсынды:
Тарихи мұра бағытында — «Ұлы Дала өркениеті» номинациясы;
Табиғи-қорықтар бағытында — «Туған өлкем – жұмақ мекен!» номинациясы;
Мәдени мұра бағытында — «Ұлт руханияты – бабалар аманаты» номинациясы;
Инновациялық-кәсіпорындық даму бағытында «Өндірістік инновация кепілі- зияткерлік әлеует» номинациясы.
«Селт еткізер, ерен ой» номинациясындағы шығармашылық жұмыс.
«Туған жер – тұғырым» эссе жобасы
Мектепішілік деңгейде 14 жоба қорғалып, желілік деңгейге 9 еңбектің 25 авторы жолдама алған болатын.