Тәжірибе алмасу

14 қараша 2024 09:44

    Павлодар қаласындағы NIS ұстаздары Ақтоғай ауданындағы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Ауылдық жерлердегі тірек мектептер әлеуетін дамыту» жобасы шеңберіндегі тәжірибе алмасуы өтті.

    Кездесуде жоба әдісін қолдана отырып, оқушылардың танымдық, шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын дамыту жолында мұғалімдердің табысты тәжірибелерімен бөлісуі басты назарда.

    Пән мұғалімдеріне  шәкірттердің математикалық, компьютерлік, жаратылыстану, оқу сауаттылығын дамыту бойынша бағыт-бағдар берілді. Павлодар қаласы химимя-биология бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебі ұстаздары семинардың тәжірибе бөлімінде жаратылыстан-математика бағытындағы пәндерінің сабақтарында зертханалық құрал-жабдықтарды қолдануды көрсетті.

Сонымен қатар, күрделі тақырыптарды оқыту әдістемесі қаралды.