Өзін-өзі басқару Парламентінің жаңа спикерін ұлықтау рәсімі

Петропавл қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде өзін-өзі басқару Парламентінің жаңа спикерін ұлықтау рәсімі өтті.

Назарбаев зияткерлік мектері желісінде оқушылардың өзін-өзі басқару Парламенті жұмыс істейді. Жыл сайын тәлімгерлер өз араларында Парламенттің спикерін және министрлік басшыларын дауыс беру арқылы таңдайды. Биыл оқушылар Парламент спикері ретінде 11 сынып оқушысы Руслан Набиді сайлады. Су жаңа спикер мен оның командасына Петропавл қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры Данияр Уәлиев сәттілік тіледі.
“Сендер қандай мектепте оқығыларың келеді, сондай мектепті өздерің ұйымдастыра аласыңдар. Қандай бағыттарды дамытқыларың келсе, сол бағытта жылжи аласыңдар. Бұның барлығы Сендердіздің талпыныстарың мен ізденістеріңе байланысты”, – деді Данияр Уәлиев.
Оқушылардың өзін-өзі басқару Парламентінің жаңа құрамы 2021-2022 оқу жылында жұмыс істейді.