«Үздік оқырман – 2020»

Назарбаев Зияткерлік Мектебінде «Үздік оқырман – 2020» сайысының І кезеңі өтті.

Кездесудің алдында оқушылар «100 кітап» жобасы бойынша оқыған кітаптарына шағын рецензия жазып, Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.

Оқушылар өздері оқыған кітаптар бойынша әдебиетте қозғалған негізгі идеяларды қазіргі қоғаммен байланысыра отырып әңгімелеп берді. Сондай-ақ басқа авторлардың еңбектерімен салыстыру арқылы қазіргі таңда кітап оқудың рөлі мен құндылықтары бойынша сараптама жасады