Уикикaмп

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде уикикамп шарасы ұйымдастырылды. 

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің уикипедия жобасының координаторлары уикикамп жобасын өткізді. Шараға 7,8,9 сыныптардың оқушылары – жалпы саны 80-ге тарта тәлім алушы ат салысты. Уикикамптың мақсаты – уикипедия ашық энциклопедиясында қазақ тіліндегі контентті дамытып, Қазақстан туралы басқа тілдердегі мақалалардың саны мен сапасын артыру. Уикикамптың нәтижелері бойынша ең белсенді қатысушылары анықталып, алдағы уақытта марапалатын болады. 

 

Бүгінде мектепішілік уикипедия клубының 17 мүшесі бар. Клубқа әр шаңырақтың уикипедия бойынша координаторлары кіреді. Балалар осымен 11 жыл көлемінде ашық энциклопедияға Отанымыз бен еліміздің белгілі әрі көрнекті тұлғалары жайлы көптеген мақалаларды жазып, орналастырады. Өткен оқу жылында Петропавлдық оқушылар онда 161 мақаласын жариялады. Шара барысында олардың қатары тағы 78-імен толықты.