«Шабыт-Вдохновение» суреттер көрмесі

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жас суретшілері «Шабыт – Вдохновение» көрмесі аясында өз жұмыстарын ұсынды.

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының шығармашылық жұмыстарымен қала тұрғындары «Достық молл» сауда-ойын-сауық орталығында таныса алады. Картиналарда мектеп оқушылары шығармашылық және шабыт арқылы өздерінің әлемге деген көзқарастарын білдірген. Жас қылқалам шеберлері жұмыстарын акварель, гуашь және Digital arts жанрларында өз жұмыстарында ұсынды. Олардың кейбірі үшін бұл көрме шығармашылық бағыттағы алғашқы сынақ болды. Басқа жас суретшілер қылқаламның көмегімен бүгінгі өзекті мәселелерді ашуға, шындықты көрсетуге тырысты.
«Шабыт-Вдохновение» көрмесімен 7-9 ақпан аралығында танысуға болады.