Құрметті ата-аналар!

2021-2022 оқу жылында мектеп жанындағы жатақханадан оқушыларға орын беру үшін өтініштер мен тиісті құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 02.08  – 21.08  күндері аралығында қабылданатынын хабарлаймыз.

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға және карантиндік шаралардың сақтауға байланысты құжаттарды қабылдау онлайн форматта жүргізіледі.

Өтініштер мен құжаттарды Temirbekova_G@ptr.nis.edu.kz поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Құжаттарды қабылдау күндері: дүйсенбіден жұмаға дейін сағ.09.00-17.00;

Сенбі күні сағ.09.00-14.00 аралығында жүзеге асырылады.

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының шешімімен бекітілген Назарбаев Зияткерлік мектептері жатақханаларының қызметін ұйымдастыру тәртібіне сәйкес оқушының заңды өкілі (ата-аналар, асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиеші, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар) Зияткерлік мектеп директорының атына жатақханадан орын беру туралы жазбаша өтініш береді.

Өтініш берген кезде оқушының заңды өкілі өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

1) туу туралы куәліктің көшірмесі, ЖСН көрсетілген туу туралы куәлікке қосымша беттің көшірмесі және оқушының жеке куәлігінің көшірмесі;

2) оқушының заңды өкілдерінің жеке куәлігінің көшірмесі;

3) egov.kz электрондық үкімет порталынан оқушының және оның заңды өкілдерінің тіркелген мекенжайы бойынша деректер (скриншот). Өтініш берілген күні сол мекенжай бойынша тіркелгеніне кемінде 1 (бір) жыл уақыт өтуі керек. Бұл талап басқа қалалар мен ауылдарда тұратын оқушыға және оның заңды өкілдеріне қатысты.  Басқа жағдайларда (мекенжай бойынша тіркелгеніне 1 жылдан кем болған жағдайда) төмендегі құжаттарды ұсынады:

– жұмысы ауысып, басқа жерге жақын арада көшкен жағдайда міндетті түрде жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама;

– басқа да отбасылық жағдайларға байланысты басқа жерге көшкен жағдайда egov.kz электрондық үкімет порталының деректер базасынан растайтын құжаттар немесе білім алушының және оның заңды өкілдерінің нақты тұрғылықты жері көрсетілген кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің анықтамасы;

4) соңғы 6 айдағы оқушының заңды өкілдерінің еңбек ақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама. Немесе ата-ананың (баланың заңды өкілінің) жұмыссыз ретінде тіркелгенін растайтын өңірдің, елді мекеннің жергілікті атқарушы органның анықтамасы;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен соңғы 6 ай ішінде берілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат;

6) егер оқушы көп балалы отбасынан шыққан болса, басқа кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі және кәмелетке толған балаларына күндізгі оқу формасында оқитыны туралы оқу орнынан анықтама;

7) егер оқушы немесе оқушының заңды өкілдері І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер болып табылса, заңнамада белгіленген форма бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

8) аз қамтылған азаматтар үшін – өтініш беруші және оның отбасы заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатынын растайтын анықтама;

9) ішкі істер органдары, жергілікті атқарушы органдар беретін, өтініш берушінің және оның отбасының қолайсыз отбасы ретінде есепке алынғанын растайтын анықтама (болған жағдайда);

10) егер оқушы толық емес отбасынан шыққан жағдайда, оқушының ата-анасының біреуінің жоқтығын растайтын құжаттардың көшірмесі (қайтыс болғаны туралы, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі, № 4 нысан).

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Құжаттарды қабылдау журналына тіркеу құжаттардың толық пакетін ұсынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады!!!

Мекен-жайымыз: Петропавл қаласы, Ы.Ыбраев көшесі, №22 А ғимараты,

Петропавл қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Байланыс телефоны: 8 (7152) 559722-қабылдау бөлмесі, 8 (7152) 559725-жатақхана

 

 

 

 

 

Петропавл қаласындағы

химия – биология бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебінің

директоры Д.С. Уалиевке

 

________________________________________

(заңды өкілдің ТАӘ)

тұрғылықты мекен-жайы: __________________

_________________________________________

_________________________________________

тел._____________________________________

 

Өтініш

 

Сізден менің балам____________________________________________________

_____________________________________________________________________

(ТАӘ)

2021-2022 оқу жылында Петропавл қаласындағы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасынан уақытша тегін негізде орын беруіңізді сұраймын.

Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Осы өтінішке қол қоя отырып, ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына жауап беремін.

Осы өтінішке қол қоя отырып, Комиссия мүшелеріне менің отбасымның тұрмыстық жағдайын көруге және актілеуге, отбасымдағы психологиялық жағдайды анықтауға рұқсат беремін.

 

__________________________________________         _______________________

(оқушының заңды өкілінің ТАӘ)                                                                                                   (қолы)

 

Мерзімі: ___________Уақыты:_____________