Discover Kazakhstan

Discover Kazakhstan” байқауының өткізу ережелері


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы екінші жыл Назарбаев Зияткерлік мектептері мен орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында ағылшын тілінде үздік эсселерге «Discover Kazakhstan» (Қазақстанды таны) байқауын жүргізіп келеді.

Байқаудың мақсаты: Қазақстанды әлемдік қауымдастыққа таныту, шетел азаматтарын Қазақстанның мәдениетімен, дәстүрімен, табиғи-климаттық жағдайымен, әлеуметтік-саяси құрылымымен, экономикалық дамуымен, жетістіктерімен таныстыру, оқушылардың сана-сезімінің деңгейін және азаматтық позициясын айқындау болып табылады.

2014 жылы оқушылар эсселерін «Expo 2017: болашақ энергиясы және жасыл экономиканың Қазақстанға берер мүмкіндіктері» тақырыбына жазады.

Творчестволық сайыстың ерекшелігі – Республиканың жалпы білім беру мектептері оқушыларының қатысуы.

Байқау жеңімпаздары, дәстүр бойынша, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Үздік шығармалар «Discover Kazakhstan» жинағына енеді.

Байқаудың ережелері

Отчеты “Discover Kazakhstan” по СКО

 

Отчет