Петропавл қаласындағы NIS оқушылары республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңіне қатысуда

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңі ақпанның 13-інде бастау алды.

Оған Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-12 сыныптарының 40 шақты оқушысы ат салысуда. 18 оқушы екі күн бойы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білімдерін сарапқа салады.
Ал ақпанның 16-17 күндері қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 19 оқушы бақ сынайтын болады.
Желілік кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері наурыз-сәуір айларында өтетін республикалық олимпиадада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының құрамасының сапында жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен сайысқа түсетін болады.