Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары В.И. Вернардский атындағы XXVII Бүкілресейлік зерттеулер жұмысының ашық байқауына қатыстып, екі бірдей 1-ші дәрежелі дипломға ие болды.

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары В.И. Вернардский атындағы XXVII Бүкілресейлік зерттеулер жұмысының ашық байқауына қатыстып,

 ,екі бірдей 1-ші дәрежелі дипломға ие болды.
Үміткерлер тарапынан 1201 жұмыс ұсынылған. Алғашқы турда 971 еңбек іріктеліп алынса, екінші бөлімге 770 авторға жолдама берілген. Сайысқа бұрынғы кеңестік мемлекеттердің түрлі қалаларынан 7-11 сынып оқушылары қатысып, бүгінгі күннің келелі мәселелерінің шешімін ұсынған.

Бүгінгі жетістіктеріміз туралы сөз қозғайтын болсақ, оқушылардың көп еңбектенгенін атап өткім келеді. Алдымен жұмыстарды сараптамаға жібердік. Бірінші деңгейден өтіп, рецензия алдық. Содан кейін ғана сарапшылар комиссиясы мен қатысушылар алдында қорғадық. Әлемде төтенше жағдай қалыптасқанына қарамастан, ұйымдастырушылар байқауды қашықтықтан ұйымдастырды. Бұл – ұйымдастырушылар тарапынан да, қатысушылар тарапынан да біраз еңбекті талап етті. Кез келген жағдайға тез төселіп, сыни ойлау тәжірибесін кез келген жағдайда қолдана білу тәжірибесін көрсету қажет болды, – дейді жобалардың бірінің жетекшісі Ботагөз Артымбаева.

9 сынып оқушылары Олжас Құсайын мен Самал Байқұнақова «Адам және жаңалықтар» атты секцияға қатысқаны үшін 1-ші дәрежелі дипломға ие болды. Аталған жұп «Әлеуметтік маңызы бар нысандарды зерттеу» номинациясында да марапатқа ие болды. Ғылыми жетекші – Гүлстан Тұрмұхамбетова.

Қазылар алқасы 11 сынып оқушылары Дарина Байтенова мен Ділназ Мұстафинаның еңбектерін де жоғары бағалап, «Зерттеу мәселелері» номинациясында 1-ші дәрежелі дипломға лайық деп таныды. Жоба жетекшісі – Ботагөз Артымбаева.

Байқау жеңімпаздары мен жетекшілерін беделді байқауда жоғары марапатқа ие болуымен құттықтаймыз! Үнемі ізденісте болып, толағай табыстарға қол жеткізе беріңіздер.