Оқушылар республикалық сайыстан үш бас жүлдемен оралды

«Атадан мұра» қорының ұйымдастыруымен Петропавлда ІІІ республикалық «Ұлы дала ұрпақтары» байқауы өтті. Өнер додасына балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары қатысты.

Нағыз кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы Назарбаев Зияткерлік мектебінің атынан қатысқан жас өнерпаздардың шығармашылығын жоғары бағалады. Сайыста «Derois» акапелла тобы үздік деп танылды. Домбырашылар ансамблі де 1-ші орынға ие болды. «Домбыра» номинациясы бойынша жеке орындауда Райымбек Рысжан бірінші дәрежелі дипломды қанжығасына байлады.

Ал «Дәстүрлі ән» номинациясында Нәби Ғали 2 орынға лайық деп танылды.
Оқушылар байқаудың Алматы қаласында өтетін халықаралық кезеңіне шақырту алды.