Біздің миссия

ҰРАНЫМЫЗ 

 Біздің болашағымыз-Менің жауапкершілігім 

 

Миссия: 

Студенттердің денсаулығы мен қауіпсіздігін негізге ала отырып, белсенді және шығармашылық ақыл-ойы бар, әлеуметтік және рухани құндылықтарға ие, Қазақстан мен халықаралық қоғамдастықтың дамуына өз үлесін қосатын жаһандық ойлау қабілетті азаматтардың дамуына ықпал ету. 

ОСЫНЫҢ БӘРІ БІЗДІҢ МЕКТЕБІМІЗДІҢ ҰСТАНЫМЫН АЛҒА БАСАДЫ.  

Ұстаным 

Біздің мақсатымыз – ғаламдық ауқымда ойлайтынүш тілді еркін меңгергенөзінің оқып үйренуі үшін жауапкершілікті толық мойнына алыпөзінің білім алуына белсенді қатысатынжеке өзіндік идеяларын басқалардың көзқарастарымен салыстыратексере отырып дамытатынөзінің мінез-құлқы арқылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің этикалық принциптері мен негізгі құндылықтарын танытатын оқушылардың дамуына ықпал ету. 

 Коммуникативтік дағдылар  

Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары  

Білімді шығармашылық түрде қолдану қабілеттілігі  

Жеке және топта жұмыс істей алу қабілеттілігі  

АКТ дағдылары  

Зерттеушілік дағдылар  

Мәселелерді шешуге және шешімдерді қабылдауға біліктілігі  

АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ.  

Бұл дағдылар біздің негізгі педагогикалық принциптеріміз бен тәжірибемізден көрініс табады.  

 

  • Кәсіби қауымдастық мүшелерімен бірлесе отырып қауіпсіз білім беру ортасы құрылады; 
  •  Барлық әлеуметтік, мәдени, экономикалық, географиялық , гендерлік ерекшеліктеріне қарамастан оқушыларға бірдей мүмкіндік беретін білім беру; 
  • Барлықтарына бірдей жоғары талаптар; 
  • Мектептің мақсаттарымен қуатталған, ішкі уәж және өз-өзін қадағалау арқылы көрінетін, шабыттандыра алатын көшбасшылық; 
  • Білім алу маңызды; 
  • Оқушылардың жауапкершілігін, табандылығын, иілгіштігін, өзін-өзі қадағалауын, жаңа білімге деген қызығушылығын мадақтап отыру; 
  • Мұғалімдер, ата-аналар, мектеп директоры мен студенттер кәсіби оқыту қауымдастығының бөлігі болып табылады; 
  • Шығармашылық және сыни  ойлау іс-әрекеттің барлық түрінен өтіп, оқытуды басқарады; 
  • Мәдениетаралық (үш тілді) қарым-қатынас және оның жаһандық тұрғыдан түсіну саласында  айтарлықтай мүмкіндіктер тудыру және оларға қолдау көрсету; 
  • Оқу мақсаттарының қолжетімділігі мен түсініктілігі; 
  • Барлық мұғалімдер тілдік дағдыларын дамыту үшін, пәнаралық байланысты жүзеге асыру бойынша жұмыс жасауда; 
  • Оқушының жеке мүмкіндіктеріне сай көмек көрсету олардың жақын арадағы даму аймағында (ЖАДА) қалуға мүмкіндік береді;  
  • Бағалау оқытуды қолдайды; 
  • Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  негізгі құндылықтары мен этикалық принциптерін сыныптан тыс оқыту арқылы жүзеге асыру. 

 

БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚОЛДАЙТЫН ПРИНЦИПТЕР 

 

  • Өзіне және өзгелерге деген құрмет; 
  • Ынтымақтастық; 
  • Белсенді  азаматтық позиция; 
  • Академиялық адалдық; 
  • Өмір бойы білім алу; 
  • Ашықтық; 
  • Адалдық; 
  • Шеберлік; 
  • Жауапкершілік. 

 

 

Жаһандық азаматтық анықтамасы 

Дана адамға бүкіл әлем ашық. Жақсы жан үшін, отан – бұл бүкіл әлем.  (Демокрит)