Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңі

Петропавл қаласындағы.NIS-тің 19 оқушысы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық пәндік олимпиаданың желілік кезеңіне қатысты.
Олардың барлығы келесі кезеңге өтіп, республика көлемінде NIS командасының намысын қорғау үшін маңызды шара қарсаңында сапалы дайындық жүргізді. Өткен жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпазы Аруай Кудерова мектептегі оқуының соңғы жылында да олимпиадаға қатысып, жұлдызды сағатын қайталамақшы..
– Мен олимпиада қозғалысына 2017 жылдан бері қатысып келемін. Осы жылдар ішінде мен өзіме деген сенімділіктің, өз біліміме деген сенімділіктің өскенін байқадым. Біздің директор Данияр Серікұлының айтуынша, NIS мектебінің олимпиадалық қозғалысының ерекшелігі – оқушылар мектептегі жақсы үлгерім мен республика көлеміндегі жетістіктерін бірге ұштастырады. Шын мәнінде, көптеген пәндерде NIS студенттері жетекші орынға ие. Бұл біздің жүйенің нәтижелілігін көрсетеді. Мен бес жыл бұрын олимпиада қозғалысына қосылғаныма қуаныштмын. Бұл қадам өмірімнің түрлі салаларында септігін тигізді.