NIS домбырашылары үздіктер қатарынан көрінді

Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің “Шалқыма” домбырашылар ансамблі Нұр-Сұлтан қаласынан жеңіспен оралды. Жас дарындар І халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауында бақтарын сынады.

 

Мектептің домбырашылары маңызды өнер додасында Қаршыға Ахмедияровтың “Қосбасар”, Абдулхамит Райымбергеновтың “Секіртпе” және Батырлан Абеновтың “Желдірме” күйлерін ұсынды. Өнер додасының қорытындысы бойынша “Секіртпе шағырмасын орындаған жергілікті домбырашылар 1-орыннан көрінді. Оқушылардың “Қосбасар” күйі екінші орынға лайық деп танылды. Жеке орындаушылардың арасында Дариға Мұқашева да екінші орыннан көрінді. 

 

Айта кетейік, І халықаралық шығармашылық фестиваль-байқауында вокал, хореография, музыкалық аспаптар және актерлық шеберлік бейнелеу өнері номинациялары бойынша еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған жас өнерпаздар мен ұжымдар ат салысты.