«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?»

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Бірнеше топқа бөлінген ойыншылар қазылар алқасын тапқырлық пен шешендік өнермен таң қалдыруға тырысты. Жүргізуші күрделі сұрақтар қойғанына қарамастан, қатысушылар бәріне жауап таба білді.


Ойын соңында әр топқа даналықтың символы саналатын үкі мүсіні мен дипломдар табысталды.