НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ БЕДЕЛДІ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫ –ТАРАПЫНАН МОЙЫНДАЛДЫ

Loughborough University бакалавриат бағдарламаларының бірінші курсына тікелей түсуге жарамды біліктілік тізбесіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сынып Сертификатын қосты.

Зияткерлік мектептерінен оқуға түсушілерге ақпарат және талаптар тізімі университеттің ресми сайтында жарық көрді

https://www.lboro.ac.uk/international/country/kazakhstan/.

NIS Сертификаты британдық ЖОО-да келесі мамандықтар бойынша оқуға мүмкіндік ашады: авиациялық и автомобильдік машина жасау, сәулет және қала құрылысы, биоинженерия, биологиялық ғылымдар, химиялық инженерия, азаматтық және сәулет инженериясы, механика, электр және өнеркәсіптік инженерия, ақпараттық технологиялар, байланыс және БАҚ, құрылыс, дизайн, өнер, химия, тарих, математика, география және қоршаған орта, физика, психология, әлеуметтік және саяси зерттеулер, экономика және бизнес.

Loughborough University бакалавриатының тікелей бірінші курсына оқуға түсу үшін Зияткерлік мектептері түлектеріне келесідей талаптар қойылады:
– Таңдаған мамандыққа байланысты бейінді пәндер бойынша ААА дан ВВВ бағаларына ие болу.
– IELTS емтиханына жалпы 6,5 балл және әр бөлім бойынша кемінде 6 балл.

Loughborough University Ұлыбританияның Times Higher Education (THE) Table of Tables 2020* рейтингі бойынша ең үздік бестікке кіріп, 2019 -да Жылдың университеті болып таңдалды. Университет сонымен қатар Ұлыбританияның ең үздік 10 зерттеуші университеті қатарына жатады.

*2019 ‘Table of Tables’ рейтингі Ұлыбританияның үздік университеттерінің негізгі үш кестелері – Times and Sunday Times Good University Guide, The Guardian University Guide, және Complete University Guide негізінде жоғары оқу орындарының тізімін алады.