Марапаттау шарасы өтті

Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде бірнеше байқаулардың жңімпаздары мен жұлдегерлерін марапаттау ұйымдастырылды. 

 

Мектеп оқушылары үнемі түрлі байқауларға қатысып, өз білімдері мен өнерін ортаға салады. Осыған орай, мектептің акт залында бірқатар жетістіктерге қол жеткізген тәлім алыушыларды марапаттау салтанаты ұйымдастырылды. 

Мектеп директоры Данияр Уәлиев қарашаның 15 мен 18 аралығында өткен  ХIV республикалық Президенттік олимпиаданың күміс жүлдегері Артем Германды құттықтады.

Өткен аптада мектептің жас дарындары “Жұлдызға қадам” халықаралық байқауына да қатысып, гран-при иегерлері атанған болатын. “Гәкку” бишілер тобы, домбырашылар ансамблі мен жетігеншілер триосына мараптаттары салтанатты түрде табысталды. Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектептерінің арасында тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан ұйымдастырылған желілік байқауда да петропавлдық оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп, мектеп құрамасы үшінші орыннан көрінген болатын. Мектеп директоры жүлдегерлерге алғыс хаттарын табыс етіп, оқушылар алдағы уақытта да биік белестерден көрінетініне сенім білдірді.