«Ұлы дала сазы»

Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Қазақтың 100 күйі» жобасы шеңберінде «Ұлы дала сазы» атты танымдық-сазды кеш өтті. Жас ұрпаққа халқымыздың ұлттық өнерін насихаттауды мақсат еткен басқосуда студенттер домбыра, жетіген, қыл қобыз бен шаң қобыз туралы бай мағлұмат алды.

Кеш қонақтары Бәйімбет Құбайдолла, Алтынжан Таупықова, Еркежан Сыздықова, Руслан Асылхан сынды музыканттар домбыра үйірмесіне қатысып жүрген 7-8 сынып оқушыларына қазақтың ұлттық аспаптарының шығу тарихы мен күй өнерінің құдіреті жайында айтып берді.

Оқушылар меймандарға өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды. Кеш соңы естелік суретке түсумен түйінделді.