“Елі үшін еңбек еткен ер тұлға” жобасы 

Қазақстан Республикасы тәуелcіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде “Елі үшін еңбек еткен ер тұлға” жобасы бастау алды.

Мерейтойға орайластырылған жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай тәуелсіздік жылдарында әлемге және еліміздің дамуына еңбегі сіңген азаматтардың өмірбаяны мен еңбек жолдарын дәріптеу. Сонымен қатар аталған жоба оқушылардың бойында патриоттық сезімін қалыптастыруды көздейді. 

Мектеп оқушылары өңіріміздің атын әйгілеген атақты азаматтар жайлы мақала жазып, оны мекптептің сайтында және әлеуметтік желілерде жариялайтын болады.