Даналық бейсенбісі

“Даналық бейсенбісі” шарасының аясында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары СҚО бойынша экология департаментің басшысы Азамат Бектасовпен кездесті.

Мемлекеттік қызметші балаларға өз департаментінің негізгі қызметі туралы баяндап берді. Сонымен қатар, ол өңіріміздегі экологиялық мәселелер туралы, табиғатту қорғау шаралары жайлы баяндады. Мектеп оқушылары мейманнан мемлекеттік қызмет туралы да сұрап білді. Шара ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орайластырылды.