CASPIAN STARTUP – 2021

«Жаңаратын энергия көздері»

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CASPIAN STARTUP – 2021 халықаралық байқауын бастайды.
Үшінші CASPIAN STARTUP пандемияға байланысты құрамдас форматта өтеді, тіркелу мен іріктеу кезеңдері онлайн форматта ұйымдастырылып, он үздік финалистер өз жобаларын әділ қазы алқаларының алдында қорғайды деп жоспарлануда. Халықаралық байқауда қазақстандық оқушылар ғана емес, Каспий маңындағы Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан сынды елдерден де оқушылар бақ сынайды деп күтілуде.
«Caspian startup -2021» байқауының тақырыбы – «Жаңаратын энергия көздері».
Байқаудың қорытындысы 2021 жылғы мамыр айының соңында жарияланатын болады. Әділ қазы алқасы үш жеңімпазды анықтайды. Байқау жеңімпаздары құнды сыйлықтармен марапатталмақ:
І орын – ноутбук;
ІІ орын –планшет;
ІІІ орын – смартфон;
Финалға өткен үздік және креативті жобалардың біреуі Yessenov University ректорының атаулы білім грантына ие болады. Сонымен қатар, финалистер Astana Hub стартапшылар орталығының тренерінен стартап бастау тақырыбында дәріс алады.
Биыл өткелі отырған байқауға қолдау білдіргендер:
«Jusan Bank» АҚ
«Mediana Services Limited» IT-компаниясы
«Eco Waste Aqtau»
Маңғыстау облыстық білім басқармасы
Yessenov University
Байқауға қатысу үшін:
Стартап жобаны таныстыратын 5 минуттық видео түсіру;
Сәуірдің 12-сіне дейін caspianstartup.kz сайтына өтіп, өтінім үлгісін толтыр;
Сәуірдің 24-іне дейін жобаның келесі кезеңге өткендігін анықтау;
Байқаудың толық ережесі caspianstartup.kz сайтында
8 72 92 70 10 66;
8 701 123 08 85,
8 775 835 56 97
project@caspianstartup.kz