«BOLASHAQ TALKS» 


Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «BOLASHAQ TALKS» жобасының тұсауы кесілді. Оның басты мақсаты – «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесіп, пікір алмасу.

Жастардың қатысуымен өткен алғашқы кездесуде Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры, «Болашақ» түлегі Нұрғали Елшібеков аталған бағдарлама бойынша шет елде білім алу тәжірибесі жайында айтып берді.

Басқосуға келген студенттер өздерін қызықтырған түрлі сауалдарды қойды. Жастарды әсіресе өзге елдердегі білім беру мәселелері қызықтырды.