Қашықтан оқыту: алғашқы күннің әсері

Владислав Крупец, Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы

Мен Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов ауданының орталығы Новоишим ауылында тұрамын. Елді мекен Петропавл қаласынан алыс болғанына қарамастан, Интернетпен еш қиындық болған жоқ. Онлайн сабақ барысында мұғалімдер әдеттегідей тақырыпты түсіндірді. Біз қойылған сұрақтарға қолымызды көтеріп, кезекпен жауап бердік. Көптен бері хабарласпаған сыныптастарымның барлығын көрдім. Бұған дейін тәжірибемде осындай сабақтар болғандықтан, ешқандай қыиындықтар болған жоқ. Онлайн оқу – менің толыққанды білім алуыма кедергі келтірмейтініне сенімдімін.