Петропавл қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары уақытты тиіміді пайдаланып, біліктіліктерін шыңдауда.

 

Екі күн қатарынан мектеп педагогтары жиналып, бірқатар өзекті тақырыптар бойынша тәжірибе бөлісті. Алғашқы күні олар оқушыға бағытталған оқыту, зерттеу жүргізу  мәселелерін талқыласа, екінші күні Педагогикалық шеберлік орталығының мамандары мұғалімдердің зерттеу жүргізуі бойынша педагогикадық баттл ұйымдастырды. Осылайша NIS ұстаздары бір күнді де босқа жібермей, алдағы тоқсанға қызу дайындық жүргізуде.