Студенттік Парламенттің жаңа спикері ұлықталды

Мектебіміздің студенттік Парламентінің жаңа спикері ұлықталды. Білім ордасында өткен сайлауда Темірлан Мейрам өзге үміткерлерден басым түсіп, жеңіске жеткен болатын. Сенат хатшысы қызметіне Мағжан Мақтабек тағайындалса, Мәжіліс жетекшілігіне Александр Ващенко кіріседі.

Салтанатты шарада оқушылар қауымына мектеп Парламентінің жаңа координаторлары таныстырылып, қызметіне енді кіріскен оқушыларға төсбелгілер табысталды.