Сөз мәйегі – мақал-мәтел

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде «Менің өмірімде қолданылатын мақал-мәтелдер» атты жоба жүзеге асырылуда.

Оның басты мақсаты – оқушылардың тіл байлығын дамытып, сөз өнеріне, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей білуге үйрету.

Халқымыздың өшпес қазынасы саналатын мақал-мәтелдерді жас ұрпақтың санасына сіңіріп, өмірде орынды пайдалана білуге баулу.

 


Мектебімізде аталған жоба аясында «Сөз мәйегі – мақал-мәтел» атты сайыс ұйымдастырылды. Отан, туған жер тақырыптарын қамтыған байқауға 7-8 сынып оқушылары қатысты. Бес кезеңнен тұратын сайыстың алғашқы бөлімі «Мықты болсаң, тауып көр» деген атауға ие болды. Оған сәйкес қатысушылар жасырылған мақалдың жалғасын тапты. «Кім шапшаң?» бөлімінде сайыскерлер берілген сөздерден мақал-мәтелдер құрастырды. Ал «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде жұмбақтардың жауабын мақал-мәтелмен айтып берді. «Айтыс» сайысында оқушылар мақал-мәтел айтудан жарысты. «Мен шешенмін» кезеңі байқауды қорытындылады.